Біз туралы

Өкілеттілік жұмысындағы басты бағыттардың бірі – кіші және орта бизнес басшыларын МВА ( Master of Business Administration) бағдарламаларына оқыту. Оқытудың модульді түрі басшыларға іскерлік басқару магистрі абыройлы атағын жұмыс үдерісінен қол үзбей алуға мүмкіндік береді. Өкілеттілікте МВА бағдарламасын  Қашықтықтан оқыту да бар. МВА бағдарламасын қашықтықтан оқыту қашықтықтан оқыту түрінде жүреді, бұл қай жерде тұрғанға қарамастан кез келген қолайлы уақытта бизнес-білім алуды  қолжетімді етеді. Оқу үшін тек компьютер мен Ғаламтор желісіне қосылу ғана жеткілікті.  Өкілеттілік жұмысындағы тағы бір негізгі бағыт – Ресей Халық Шаруашылығы Академиясымен және РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік Қызметпен (РАНХиГС) біріккен DВА бағдарламасы (Doctor of Business Administration).

Іскерлік Басқару Докторы – бизнес-үлгілер мен идеялар негізінде үстемді бәсекелестік тудыру үшін білім алуға мүмкіндік беретін халықаралық бизнес-біліміндегі жоғарғы кәсіби деңгей. ALMA University DВА бағдарламасы-жоғарғы буынның бетке ұстар басқарушы мамандарын дайындауға арналған Қазақстандағы алғашқы Стратегиялық бағыт.

Астаналық өкілеттілік қызметінің тағы бір басқа бағыты – кәсіби бизнес-кеңесшілер өткізетін, тыңдармандарға алған білімдерін көкейкесті етуге және өзекті бизнес-мақсаттарды шешу үшін басқару құралын алуға мүмкіндік беретін мамандандырылған семинарлар мен тренингтер. 

Сонымен қатар Өкілеттілікте тимбилдинг бойынша тренингтер, қонақтармен кездесулер және ТМД-ның алдыңғы қатарлы оқытушыларымен және Қазақстан бизнесмендерімен шеберлік-кластары үнемі өткізіліп тұрады.

ALMU Астана сандармен

Бизнес-білім беру нарығында 11 жыл 

90 –нан артық семинарлар мен тренингтер 

семинарлар мен тренингтердің 1500 тыңдарманы

МВА бағдарламасы бойынша 22 түлек 

МВА бағдарламасының 160 тыңдарманы 

МВА бағдарламасының  392 түлегі 

ALMU Астананың корпоративтік бағдарламалары

2005 жылы BI Group холдингімен ALMU МВА бағдарламасы ашылды.

2011 жылы ENRC (Ресей Халық Шаруашылығы Академиясы мен РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік Қызметпен біріккен бағдарлама, Москва) компаниясы үшін «Стратегиялық Менеджмент» бойынша корпоративтік EMBA бағдарламасы ашылды.

2012 жылы ALMU Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігімен бірігіп «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» жаңа корпоративтік бағдарламасын ашты. 

2013 жылы ALMU мен АҚМ (Ақмола Құрылыс Материалдары) 

біріккен МВА бағдарламасы ашылды.