«СӨЗ МЕРГЕН» ТАПҚЫРЛАР САЙЫСЫ

Қазақ сөз өнерінің құдіретін тереңірек сезіндіру, қазақтың мақал-мәтелдерінің қолданыс аясын ұғындыру мақсатында 2014 жылы 12 қыркүйек күні Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне арналған оқытушылары мен қызметкерлері арасында  «Сөз мерген» тапқырлар сайысы өткізілді.

Сайысқа оқытушылары мен қызметкерлерінен құралған екі топ қатысып, олардың білімдері арнайы әділ қазылар алқасының сараптауымен анықталды.  Нәтижесінде, сайыс қорытындысы бойынша «Өрлеу» тобы жеңіске жетті.

Өрлеу тобы «Сөз мерген» аталымына ие болды. Ал «Самғау» тобына «Алынбайтын қамал жоқ» аталымы берілді. Барлық ойыншыларға арнайы сыйлықтары табыс етілді. Сайыс соңында ойынға қатысушалар мен көрермендерге алғыс айта отырып,  «Атамекен» әні бірге шырқалды.

Жауапты оқытушы: ф.ғ.к., доцент Утемисова Гүлмира Жеткергенқызы.