АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ

2014 жылы 4 қараша күні шешендік өнер клубының  «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында отырысы өткізілді. Студенттерді шешен сөйлеуге баули отырып, олардың сөйлеу мәдениетін дамыту оқытушының мақсаты.

Шешендік сөздер - қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер.

Студенттер ауызекі сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, шешендердің сөздерін орнымен қолдана алды. Жүйелі, мағыналы сөйлей отырып, сөздердін мағынасы түсіне білді.