Әкімшілік

 

 

Кожахметов Асылбек Базарбаевич

Президент

Іскерлік Басқару докторы

Тел.: (727) 313 30 59
Факс: (727) 302 21 21
Эл. пошта: assistant@almau.edu.kz

Толығырақ

Қазақстандағы бірінші бизнес мектеп – Алматы Менеджмент Мектебінің негізін қалаушы және президенті болып табылады.


Менеджмент пен білім беруді дамыту бойынша қазақстандық және шетелдік журналдарда жарық көрген 60-тан астам еңбектің авторы.

1994-2002 жж. – Менеджментті дамыту Орталық-Азиялық Қорының президенті (CAMAN); 1999-2002 жж.– Қазақстан өнеркәсіпшілері Одағы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері Форумы Кеңесінің мүшесі; 1998-2003 жж. – “INTERMAN” Кеңесінің мүшесі – Басқаруды дамыту жөніндегі Дүниежүзілік ұйым; 1999-2002 жж. – Басқарушылық білім беру сапасы бойынша Еуропалық ұйым Кеңесінің мүшесі (EQUAL); 2002-2003 жж. ҚР-ның білім беру жүйесін дамыту бойынша Қоғамдық Кеңес төрағасының орынбасары; 2017 ж.бастап – қазіргі уақытқа дейін – «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының Жұмыс тобының мүшесі.

Қоғамдық жұмысы: «НҰР ОТАН» ХДП-ның әлеуметтік дауларды қарау және шешу жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары (2009 -2011 жж.), «Шаңырак» РҚБ төрағасы (2007-2014 жж.), Қазақстан Республикасы БҒМ жанындағы жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңестің мүшесі (2014 ж.), ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаржыны жұмсауды бақылау жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі (2009- 2010 жж.), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесінің мүшесі (2011 - 2012 жж.), Орталық Азия бойынша CEEMAN вице-президенті (2018 – қазіргі уақытқа дейін), «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ) президенті (2018 – қазіргі уақытқа дейін).

Наградалары мен атақтары:

  • «People to People International» халықаралық ұйымының наградасы, АҚШ – «Бирменгам алауы» (1997)

  • «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісі (1998)

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерейтойлық медалі (2011)

  • «Құрмет» Ордені (2013)

  • ҚР ҰҚП «Атамекен» II және I дәрежелі «Ісіне адалдық» Ордені (2013-2014)

  • «Институтционалды басқару» санатындағы CEEMAN Champions Award қарқынды қоғамындағы менеджментті дамытудың Халықаралық қауымдастық наградасы (2014)

  • Қырғызстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының құрметті профессоры (2017).

  • ҚР БҒМ-нің "Ы.Алтынсарин" төсбелгісі.

 

 

Курганбаева Гүлмира  Аманжоловна


Ректор


Тел: +7 727 313 30 77
Эл. пошта: g.kurganbayeva@almau.edu.kz

 
 
ТОЛЫҒЫРАҚ
 

Сарапшылық мамандануы: Қазақстан Республикасының экономикалық талдауы, негізгі салалар бойынша бизнес-аналитика, экономиканың халықаралық дамуының трендтері және олардың Қазақстан экономикасына әсері. Басқарушылық консалтинг мамандануы: компания стратегиясын әзірлеу, ССП аясында стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру, KPI бойынша нәтижелілігін басқару.

 

Бизнестің стратегиялық даму мәселелері бойынша 50-ден астам қазақстандық компаниялардың (Сулпак электроникс, BI –group, Интероптика, Беккер, Қазақстан темір жолы, ТуранАлем Банк және т.б.) консалтингін іске асырды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетін (Экономика және менеджмент), Алматы қаласының Қазақстанның даму Институты жанындағы аспирантураны (диссертация тақырыбы «Қазақстан Республикасында халықаралық маркетингті қалыптастыру») бітірген. Германияда қауіпсіздік мәселелерін зерделеу бойынша Д. Маршалл атындағы колледж Орталығында оқыған (Геосаясат және қауіпсіздік мәселелері). Еуропа, АҚШ, ТМД университеттерінде машықтанудан өткен.

Еліміздің ең ірі институттарында басқарушылық позицияда 15-жылдық жұмыс тәжірибесі бар, 2011 ж. Дьюк Университетінің мемлекеттік саясат Стэнфорд Мектебінде шақырылған зерттеуші ретінде жұмыс істеді.

Оның басшылығымен түрлі ғылыми жобалар («Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі», «Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің стратегиясы», Адами даму бойынша Ұлттық есеп Жобасы және т.б.) іске асырылды.

50-ден астам мақалалар мен монографиялардың авторы.

 

Алмагүл Медихатқызы Қанағатова 

Бірінші проректор, Білім беруді дамыту Институтының директоры

Тел: +7 727
313 30 51
Эл. пошта: almagul.kanagatova@almau.edu.kz

 
толығырақ
Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия-экономика факультетін бітірген. «Болашак» халықаралық бағдарламасының түлегі (2013 ж.).

Біраз жыл Алматы мен Астана қалаларындағы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінде жұмыс істеді: директордың тәрбиелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, гуманитарлық факультеттің деканы, тәрбие жөніндегі проректор, құқық қорғау органдары факультетінің деканы. Халықаралық Бизнес Академиясында – ғылым және даму жөніндегі проректор, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында (ДББҰ) – адами даму жөніндегі департамент директоры, 2016 жылдың 1 наурызынан 2017 жылдың 1 тамызына дейін – AlmaU ректоры.

Жастар саясаты, культурология, білім беру философиясының өзекті мәселелері бойынша 70 мақаланың авторы. «Философия», «Культурология» атты оқу құралдарының авторы, автор монографий: «Қазіргі жастардың құндылықтары», «Қазақстанның қазіргі жастарының рухани-адамгершілік мәдениеті: философиялық-культурологиялық талдау». Орыс және қазақ тілдерінде 10,11, 12 сыныптар үшін 12-жылдық білім беруге арналған: «Адам. Құқық. Мемлекет» атты экспериментальді оқулықтар мен үлгілік бағдарламалардың авторы.

«International Journal of Business, Behavioral and Social Sciences» халықаралық журналдың редакциялық алқасының мүшесі. Қазақстанның Іскер Әйелдері Қауымдастығының мүшесі. Қазақстан кәсіпкерлік жоо-лары Қауымдастығының төрайымы. «Сколково» 14 Ректорлар мектебінің түлегі: «Университет трансформациясын басқару», 2018ж.

Наградалары мен атақтары: «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР БҒМ-нің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «ҚазМЗУ құрметті қызметкері», «ҚР-ның үздік оқытушысы-2013».

  

 

 

Руслан Төлегенович Қожахметов
 

Корпоративтік даму жөніндегі Проректор

DBA

Тел.: 8 (727) 313 30 77  
Факс: 8 (727) 302 21 21
Эл. почта: Ruslan.Kozhakhmetov@almau.edu.kz

 

 

 

толығырақ

Іскерлік басқару докторы (Халықаралық бизнес академиясының және Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы Ресей академиясының бірлескен бағдарламасы).Сонымен қатар Global Executive MBA (London Business School, Columbia Business School, HKU Business School және University of California Berkeley орталығының) бітірушісі.

Жеке меншік компанияларда және өз бизнесте басшылық қызметтерде жұмыс істеуге тәжірибесі 16 жыл.

Йорк кәсіпкерлікті дамыту институтының «Problem as aspiration» журналының редакцияық коллегиясының мүшесі болып табылады. Отбасылық бизнес және білім туралы арналған мақалалардың авторы.

 

 

 

Кристиан Каль
 
Зерттеу және халықаралық даму жөніндегі проректор 
PhD
 
Тел.: +7(727) 313-30-93 вн.207
Факс: +7(727) 313-30-40
Эл. почта: c.kahl@almau.edu.kz 
 
ТОЛЫғыРАқ

Кристиан Каль Фридриха-Шиллер университетін бітірді, магистр және PhD дәрежесін алды.

Каль 10 жылдан астам білім беру саласында жұмыс істейді. Friedrich-Schiller-Universität, Ена (Германия), Essex University, Колчестер (Великобритания), Tong Ji University, Шанхай (Қытай), Les Roche Jin Jiang, Шанхай (Қытай), Taylor's University, Куала-Лумпур (Малайзия) сияқты университеттерде жұмыс істеді.

Кристианада 20 жарияланым саны: баптар, түрлі конференцияларға арналған материалдар, кітаптар және т.д. жұмыстар бар.