Жаңалықтар

Шілде 07, 2017

Бакуды көру және ... эмоцияларды басқарып үйрену!

Құрметті әріптестер!

 

Алматы Менеджмент университеті (AlmaU) 2017 Халықаралық жазғы мектебіне қатысуға барлықтарыңызды шақырады!

 

Биылғы жазғы мектеп өз тарихында алғаш рет ыстық және қонақжай Баку қаласында өтеді. Қонақтар, оқытушылар және спикерлер осындай ертегідей жерде – атақты Галаалты курортында жиналады!

 

Бізбен бірге демалысқа барғыларыңыз келе ме? Ол жерде өте қызықты болады!

Біз сіздерге бірінші дәрежелі кәсіби тәжірибе мен ұмытылмас, дене мен жанға пайдалы демалыс ұсынамыз!

 

Өтетін күні: 07 - 15 шілде, 2017.

Өтетін орны:  Әзірбайжан астанасы «QALAALTI мейманхана & шипажайы * 5», Баку қаласынан 122 шақырым жерде ШАБРАН шағын қаласында орналасқан. Галаалты - Әзірбайжанның бірегей және өте тартымды шипажайы. Ол теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте Үлкен Кавказ бөктерінде орналасқан.

 

Апталық бағдарлама сіздерге байытатын және қызықты оқыту тәжірибесін беруге бағытталған. Берілетін тақырыптар: Өзгерістерді басқару, Эмоцияны басқару және т.б.

 

Бағдарлама кәсіби даму, жағажайға бару мен белсенді тынығу, сауықтыру процедураларын алу , қаланың көрікті жерлерін көру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

Мақсатты аудитория - жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен орта мектеп мұғалімдері.

 

Тезірек сілтемеден тіркеліңіз, егер де сіз:

 

  • жаңа білім іздеу жолындасыз және мықты мамандардан тәжірибе алғыңыз келеді;
  • алдағы мансабыңызды модельдеуге және  біліктілігіңізді арттыруға ұмтыласыз;
  • дене және рухани тепе-теңдігін тапқыңыз келеді;
  • шығармашылық идеялар мен атмосфера іздеу үстіндесіз;

 

Жалпы құны - 384-ден 440 дейін $ 8 күн / 1 адам.

Оқу құны: 35 000 теңге.

 

Осы бағаның ішіне кіретін:

  • трансфер;
  • жайлы және таза бөлмелерде тұру;
  • өте дәмді және пайдалы тағам;
  • емделу.

 

 

Қосымша: $ 100 күн / 1 адамға: Губа қаласына экскурсия, Кебаб Party, ойындар, фитнес, йога, Каспий теңізінде жүзу, бассейн, проумошен, гала-кеші, Баку қаласына экскурсия.

AlmaU қызметкерлері мен оқытушыларына оқу ТЕГІН.

Барлық сұрақтар бойынша +7 775 793 9369 нөміріне хабарласыңыз.

Тіркеу 10 маусымға дейін келесі сілтемеден:

https://goo.gl/forms/NFp56W3Ty6nZyp9p2

Бөліс: