Жаңалықтар

Тамыз 28, 2017

Жас Кәсіпкер: бизнесті алғашқы бастау тәсілі

Тамыздың 25-нде «Арман дала» жаздық лагерінде (Каскеленнің маңайында) «Жас кәсіпкер» атты жаздық мектеп жұмысын бастады. Бұл жобаны Алматы қаласы әкімшілігі, Қазақстандық менеджмент дамыту қоры және Almaty Management University үшеуі бірлесіп ұйымдастырды.

10-күндік жас кәсіпкерлерге арналған стартап лагері «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылды. 10-күндік оқу барысында кәсіпкерлік жумысына толық  тереңдеу мақсатында жастар өздерінің бизнес жобаларын толық дайындап үлгеру керек.

Бүл жобаға қатысқандар саны 150-ден астам алматылықтар, жастары 18-ден 29 арасында. Іріктеу барысында үміткерлер жобаның сайтында тіркеу формасын толтырып, өзі туралы эссе жазып және өзінің бизнес-идеясын жете даярлдап, презентация жасауы керек.  Нәтижесінде AlmaU-дің оқытушылардан құралған комиссия 350 үміткерлерден 150 адам іріктеп алды.

«Арман дала» жаздық лагерін ашу кезінде үміткерлердің алдында құрметті қонақтар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басқарушының орынбасары Алик Шпекбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-інші шақыруның депутаты, экономикалық реформа және аймақтық дамыту комитетінің мүшесі Айгуль Соловьева, www.zannews.kz бірінші жемқорлыққа қарсы медиаорталығының басқарушысы Төлеген Байгулов, Rumi  ресторандар желісінің меңгеруші серіктесі Куаныш Шонбай және Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басқарма басшысы Шыңғыс Бескемпіров – сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылардың өкілі ретінде, Алматы Менеджмент Университетінің ректоры, Гүлмира Құрғанбаева: Қазақстан республикасының президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» өзінің мақаласында айтқандай, сана сезім, ой-пікір жаңа жуйені қалыптасуы білім берудің жаңа тәсілдерін керек ететін айтты: «Егер біз алғаш кезде университетті тек ғана teaching university (білім беру университеті) немесе research university (зерттеу университеті) ретінде қарастырған болсақ, ал қазіргі кезде кәсіпкерлік университеттер бар екендігін білеміз. Almaty Management University кәсіпкерлік университет ретінде жұмыс аткарып жатыр, мысалы, "Zhas kasipker" жобасын келтіруге болады».

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов жоба жұмысына қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде, биылғы жылда әкімшілік осы жобаны қолдайтыны туралы айтты, жоба өзінің кәсіпкерлік бағыты және рухани мәні жөнінде өте маңызды: «Сіздер білесіздер, «Рухани жаңғыру» бағдарлама жөнінде еліміздің алдында рухани байлық және ұлттық мұраны ескере тұрып, экономиканы дамытуда атқаратын үлкен міндеттер тұр. Осыған байланысты, сіздерге – болашақ кәсіпкерлер, өнертапқыштар, бизнесмендер ретінде үлкен үміт артамыз!».

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басқарушының орынбасары Алик Шпекбаев лагерьде сөйлегенде жастарға табыс тіледі және тілек сөздерін айтты: «Қазіргі кезде қайсымыз болсақ та елімізді дамытуға өз үлесімізді қосуымыз керек. Модернизацияның басты принципі қандай өзгеріс болса да дайын болу. Мен сендерге жеңіс тілеймін. Әрқашанда алға жүріңдер!»

Лагерьдің бағдарламасына - оқыту, тәлімгерлік және ең жақсы жобаларды қаржыландыру кіреді. Жастар стартаптың маркетингіне, А. Остервальдердің бизнес модель арқауына, прототиптер жасауы және әлеуметтік желілерде бизнесті қолдауға, және т. б. уйренеді. Тәлімгерлер қатысушыларды бизнестің жаңа идеясын табуға, оның тұтынушы үшін құндылығын анықтауға, өзінің негізгі құзыретін ұғуға, бизнес моделін, маркетинг жоспарын құруға уйретеді, және каржылық  сауаттылыққа, қаржыны жоспарлауға және бюджетті құруға және т.б. маңызды жұмыстарға уйретеді.

Оқыту өте қанықтырылған ритмде өтеді, бірақ жастар демалып та үлгерді. Кейбіреулер садақпен атып жатса, басқалар скалодромда немесе волейбол ойнап улгерді. Бірақта бассейнге жүзу көпшілігіне өте ұнады.

Жоба туралы: http://zhaskasipker.kz/

 

https://www.facebook.com/zhk2017/?fref=ts

 

Бөліс: