Новости

Ноябрь 24, 2014

Қазақ тілін алты айда үйрендім

2014 жылы  21 қараша күні «Балауса» тілдер клубының «Қазақ тілін алты айда үйрендім» тақырыбында ауғанстандық студент Рахим Хугиянимен кездесуі өтті. Қазақ тілін үйреніп жүрген студенттер мемлекеттік тілді қысқа мерзім аралығында меңгеруге болатынына көз жеткізді.

 

 

Қазақ тілін жетік меңгеріп, таныс емес ортамен еркін сұхбаттасып отырған шетелдік студенттің сөйлеу шеберлігі  қазақ тілін қысқа мерзімде меңгеруге болатынына сенімділіктерін арттырды.

«Балауса» клубының жетекшісі: аға оқытушы Нуртазина Акмарал Осеровна.

Поделиться: