БІЛІМ БАЙЛЫҒЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

                                                                                                                                                                                  читать на русском языке

Қазақстанда білім алушы жастар үшін білім беру үдерісін жүзеге асыратын 144 жоғарғы оқу орны бар. Десек те, экономика мамандықтары бойынша оқытатын жоғары оқу орны деңгейлес бизнес мектептер көп емес, солардың ішінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Халықаралық Бизнес Академиясы, Халықаралық Бизнес Университеті және тағы басқалары бар.

Аталған ұйымдар арасында инновациялық қарқынды түрде даму үстіндегі әрі барлық бағытта транспаренттік танытатын Халықаралық бизнес академиясы айрықша назар аудартады.

Академияның даму стратегиясы қашан да мамандарды – бизнес класс өкілдерін даярлау деңгейінің жоғары болуын, оқытушылардың білім сапасын тұрақты түрде көтеріп тұруын, политілдікті күшейтуді, тек отандық қана емес, халықаралық білім беру кеңістігіндегі үздік бизнес ЖОО ретіндегі имиджін сақтауды көздейді.

ЮНЕСКО мәліметтері бойынша Қазақстан Норвегия, Жапония, Германия елдері әлемдегі білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіші бойынша тқртінші орынға ие болса, Халықаралық бизнес академиясы өзінің оқытушылық құрамына халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелден білім алу мүмкіндігін қамтамасыз еткен еліміздің ең мықты 5 жоғары оқу орны рейтингісіне енді.

2013 жылы жоғары оқу орнының 25 жылдық мерей тойы тойланып, бұл жыл Халықаралық бизнес академиясының тарихына білім беру жүйесіндегі үлкен жетістіктерімен: идеялардың креативтілігімен, студенттер мен оқытушылар ұжымының белсенділігімен және білім білім алушы және білім беруші қызметкерлердің мамандандырылу деңгейін жоғарылата жақсартуымен ерекшеленеді.

Академияның жиырма жеті оқытушысы Қазақстан Республикасының халықаралық «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды. Ректор, үш проректор, төрт кафедра меңгерушісі, профессорлар, доценттер «Кәсіпорындар мен кешендерді ұйымдастыру және басқару, инновацияны басқару» бағыты бойынша АҚШ-тағы атақты Berkeley-Haas School of Business университеттерінде, сондай-ақ жеке жоспарлар бойынша Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда ғылыми тәжірибеден өту құқығына ие болды.

Қазақстанның жоғарғы бизнес мектебі ретінде тек Академия ғана кәсіби құзыреттілігін дамыта отырып, педагогикалық деңгейді және білім беру жетістіктерін тереңдете отырып, институционалдық әдісті талмай насихаттау нәтижесінде ҚР Президентінің 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа ойларға сәйкес озық идеяларын жүзеге асыра алады.

Бұл жетістіктер Бағдарламалар орталығының вице-президенті А.Абдуалиевтің биылғы 8 ақпанында халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына мемлекеттік сертификаттар тапсырар алдындағы тестілеу және сұхбаттасу кезеңдері аясында жүзеге асырылды.

Бір ғана жоғары оқу орнының отыздан астам өкілі жаппай бір мезгілде «Болашақ» бағдарламасының стипендияларын жеңіп алатындай ауқымды жоба Қазақстан Республикасындағы білім беру мен халықаралық бағдарламалар орталығы қызметінің тарихында бұрын-соңды болмаған. Бұл – оқыту жүйесіндегі тиімді білім берудің алғашқы қадамы ғана емес, еліміздегі кәсіптік мектептердің қияткерлік мүмкіншіліктерін көтерудегі жетістік.

Академияның жиырма жеті қызметкері – IELTS-қа дайындықтағы барлық қиындықтардан, қазақ тілінен және психологияның тестілерден сүрінбей өтіп, өздерін Тәуелсіз Қазақстанға лайық мамандар екендерін таныта білді.

Еліміздің Ата заңы және өз елінің тарихын білу – «Болашақ» стипендиясы үміткерлердің бұлжымас парызы. Ұлт тарихын үйренуге деген талпыныс кең-байтақ Қазақ елінің ежелден бергі тарихын, бастан кешірген соқтықпалы, соқпақты кезеңдерін, соңғы ғасырлардағы ел өміріндегі қоғами өзгерістерді зерделей зерттеуге түрткі болды.

Халықаралық бизнес академиясының Қазақстандағы ең ілгері дамғына кәсіптік жоғарғы оқу орны болуында академия президенті А.Қожахметов мырзаның қосқан үлесі зор. Мұндай алпауыт идеяны жүзеге асыру барысындағы академия жетістігі бұл күндері басқа ЖОО-лар арасында қызығушылық тудыруда.

Ерекше атап өтер жайт, аталған жобаны игеру әрекеттеріне еш шектеулер қойылмаған. Талапкерлер жасына, атақ-лауазымына қарамастан қатыса алады. Мұндағы ең негізгі міндет – өз білімін жетілдіру, тіл игеруді барынша ұлғайту, шетелдік бизнес мектептеріндегі барлық оқыту ерекшеліктерімен кеңірек танысып, тәжірибемен бөлісу, өз идеялары мен білімдерін ХБА бизнес мектебінің жақсаруына жұмсау, сөйтіп, академияның басты жобасын қолдау.

Академияның оқу, оқыту, ғылым-білімді тереңдете игеру барысындағы қазіргі қадамы оның идеялар жүйесінің аса бай екенін айғақтай түсуде. Ендеше, әлемдік аренадағы болашағы аса жарқын екендігінде дау жоқ.

АҚШ, Англия және Швейцарияда Қазақстанның ұжымдық түрде білім алып жатқан бизнес мектебінің түлектері, шетелдік ЖОО-ның алдында еліміздің мәртебесін көтеріп, ХБА тұрақты беделін қалыптастырып, халықаралық білім және ынтымақтастық даму мәселелері бойынша еларалық байланыстарды ны,айта түсуде.

Дей тұрсақ та, «Болашақ» бағдарламасы негізінде алған білімді, тәжірибені, тілді бір жерде, бір ЖОО-да яғни Халықаралық бизнес академиясында жүзеге асыру әлдеқайда тиімді болмақ. Бұл тәуекел синдромы мемлекет және Халықаралық Бизнсе академиясына үлкен моральдық және материалдық жауапкершілік жүктейді. 

Гүлнар Тайқұлақова,

Экономика ғылымдарының кандидаты,доцент,

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты

Айқын-республикалық қоғамдық-саяси газет