Өкілеттілік жұмысындағы басты бағыттардың бірі – кіші және орта бизнес басшыларын МВА ( Master of Business Administration) бағдарламаларына оқыту. Оқытудың модульді түрі басшыларға іскерлік басқару магистірі абыройлы атағын жұмыс үдерісінен қол үзбей алуға мүмкіндік береді. Атырау қаласындағы өкілеттілік қызметінің тағы бір басқа бағыты – кәсіби бизнес-кеңесшілер өткізетін, тыңдармандарға алған білімдерін көкейкесті етуге және өзекті бизнес-мақсаттарды шешу үшін басқару құралын алуға мүмкіндік беретін мамандандырылған семинарлар мен тренингтер. Сонымен қатар Өкілеттілік тимбилдинг бойынша тренингтер, қонақтармен кездесулер және ТМД-ның жетекші оқытушыларымен және Қазақстанның бизнесмендерімен шеберлік-кластарынк үнемі өткізіп отырады.
2014 жылдың шілде айынан бастап Атырау қаласындағы Өкілеттілікте қашықтықтан екінші жоғарғы білім алуға қабылдаулар жүзеге асырылуда. Қашықтықтан оқыту – қашықтағы оқытушы мен оқушының мекеніне немесе оқу уақытына тәуелсіз Интернет-технологияларының көмегімен жүзеге асырылатын білім беру үдерісі. Оқу мерзімі: 2 жыл.
Алматы Менеджмент Университеті (бұрын ХБА) – Қазақстан Республикасында бизнестік білім беру саласындағы № 1 жоо.
Алматы Менеджмент Университетінің (бұрын ХБА) Атырау қаласындағы өкілеттілігі 2010 жылдың ақпан айынан бері жұмыс жасайды.
Атыраудағы ALMU сандармен:
Алматы Менеджмент Университетінің (бұрын ХБА) Атырау қаласындағы Өкілеттілігі келесі бағдарламаларды ұсынады:
1. ALMU МВА бағдарламасы (Іскерлік Басқару Магистрі) – бұл әлеуметті-жауапты бизнес-басшыларды өндірістен қол үзбей модульді тәртіпте дайындау бойынша қазіргі заман талаптарына сәйкес келетін инновациялық бағдарлама.
2. Мемлекеттік және қоғамдық саясат Мектебінің Бағдарламасы (МҚСМ) – аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшыларын, білім беру саласындағы бәсекелестікке қабілетті менеджерлерді, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерін дайындау мақсатында мемлекеттік және қоғамдық саясат саласындағы білімді, технологиялар мен инновацияларды енгізу.
МВА Бағдарламасы: Мемлекеттік сектордағы менеджмент – мемлекеттік және қоғамдық саясатты тиімді жүзеге асыруға қабілетті аймақтық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерді дайындау.
МВА Бағдарламасы: Білім берудегі менеджмент – білім беру саласындағы басқарудың қазіргі заманғы технологиялары мен құралдарын игерген, стратегиялық ойлауға қабілетті жаңа буын практик-менеджерлерін дайындау. МВА бағдарламасы: ҮЕҰ-дағы (НПО) Менеджмент – үкіметтік емес ұйымдар үшін жоғары әлеуметтік жауапкершілікті кәсіби басшыларды дайындау.
3. Қашықтықтан оқыту бағдарламасы – екінші жоғарғы білім: Қашықтықтан оқыту – қашықтағы оқытушы мен тыңдаушының мекеніне немесе оқу уақытына тәуелсіз Интернет-технологияларының көмегімен жүзеге асырылатын білім беру үдерісі.
4. Ашық және корпоративтік бизнес семинарлар мен тренингтер –қызметкерлердің білімін жетілдірудің, сонымен қатар Сіздің компанияңыз үшін қажетті кез келген бизнес-курсқа тапсырыс берудің тиімді әдісі.
Атырау қаласындағы Алматы Менеджмент Университетінің (бұрын ХБА) барлық бағдарламалары туралы толық ақпарат беру үшін Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз.