Бизнес ортаны жақсарту орталығы

Орталық жетекшісі:

 

Ускеленова А.Т. 

э.ғ.д., ALMA University «Экономика және логистика» кафедрасының доценті.

 

Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 ж. 14.12. ««Казахстан-2050» стратегиясы: мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттары: ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау болып табылады, жекелегенде кіші және орта бизнесті дамыту маңызы, сонымен қатар «Мықты бизнес – мықты мемлекет» - мемлекет-жеке серіктестік жаңа үлгісін қалыптастыру.  Осы міндеттерге сәйкес 2013 жылғы наурыз айының 1-де ALMA University-де Ораз Алиевич Жандосовтың стратегиялық жетекшілігімен бизнес-ортаны жақсарту Орталығы ашылды.  

Орталықтың ең басты мақсаты – кәсіпкерліктің даму межелерін зерттеу және осының негізінде мемлекет пен бизнестің әрекеттесу жүйесін жақсарту, сонымен қатар кәсіпкерлікті мемлекеттік, соның ішінде аймақ деңгейінде қолдау бойынша бастамалар мен ұсыныстар жасау.

 

 

Орталықтың міндеттері:

 

·         Мемлекеттің, бизнес-құрылымдардың және коммерциялық емес ұйымдардың тапсырыстарымен кәсіпкерлік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп, сараптамалық баяндамалар мен шолулар құру;

·         Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нақтылы механизмдері мен  бағдарламаларын сараптау;

·         Мүдделі ұлттық және халықаралық ұйымдармен, ғалымдар және кәсіпкерлермен серіктестікті, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;

·         МСБ мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік институттары алдында бастама жасау.