Бағдарлама туралы ақпарат
Бағдарламаның мақсаты | DBA бағдарламасының басты мақсаты - экономиканың барлық секторлары үшін кәсіби, зияткерлік және мәдени жағынан үнемі жаңаруға ұмтылатын және болашақта жекелеген компаниялар мен Қазақстан экономикасын жалпы дамытуға мүдделі, жаңа идеялар мен басқарушылық шешімдерді табуға және оны тәжірибеде жүзеге асыруға қабілетті қазақстанның жоғарғы деңгейдегі басқарушы мамандарының жаңа буынын дайындау. DBA дәрежесі өз иегеріне лауазымын жоғарлатуға немесе өз қызметінің бағыт-бағдарын өзгертуге мүмкіндік береді. |
Бағдарламаның артықшылықтары | · Екі диплом алу; · Жоғары дәрежелі профессорлық- оқытушылық құрам; · Оқытудың модульдік жүйесі; · Оқу үдерісін ұйымдастырудағы тыңдармандардың жеке қажеттіліктеріне бағытталып икемделу; · Өзінің жеке бизнесін дамыту үшін инвестициялар тарту және корпоративтік басқару бойынша тәжірибе алмасу үшін халықаралық семинарларға қатысуға мүмкіндіктер беру; · Докторанттарды оқу ақысындағы жеңілдіктермен ынталандыру; |
Оқу мерзімі | 4 жыл |
Оқыту түрі | Модульді Модульдердің жалпы саны – 10, соның ішінде 7 – КЕББМ «ALMU» (Қазақстан), 3 – РХША және МҚ (РФ) Модульдің ұзақтығы - 7-10 күн, жылына 3 модульден. |
Оқуға түсу үшін қажетті талаптар | · "Магистр" дәрежесінің болуы · Басқарушылық еңбек тәжірибесі 5 жылдан кем емес |
Құжаттар тізімі | 1. Ізденушінің нысаны (нысан); 2. КЕББМ «ALMU» Ректорының атына оқуға түсуге арыз; 3. РХША және МҚ Ректорының атына оқуға түсуге арыз; 4. CV (тұжырымдама); 5. Эссе; 6. 3*4 6 сурет; 7. Жоғары білімі және магистр дәрежесі туралы дипломдарының түпнұсқасы, дипломдар мен қосымшалардың нотариуспен куәландырылған көшірмелері ( 2 данадан); 8. Жеке куәліктің, төлқұжаттың көшірмелері; 9. СТТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі; 10. Медициналық анықтама (086-У нысанды); 11. Ізденушінің ғылыми және кәсіби мүмкіндіктерін бағалауға қабілетті тұлғалардан ұсыныс хаттар (үшеуден кем емес); 12. Еңбек кітапшасының нотариуспен куәландырылған көшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама. |
МВА бағдарламасын бітіргені туралы құжат | Бағдарламаны аяқтаған соң және докторлық диссертацияны табысты қорғағаннан кейін DBA жоғарғы академиялық дәрежесі – «Іскерлік Басқару Докторы» атағы мен диплом беріледі: |
Бағдарламаға түсуге байланысты сұрақтары бойынша:
Маркетолог
Тел.: 8 (7172) 47 77 01/02