Білім беруді дамыту институты

 

 

Aлматы Менеджмент Университетінің  білім беруді дамыту институты (ББДИ) білім мен инновацияларға негізделген жаһандану мен экономика құру жағдайындағы әлемдік және отандық үздік тәжірибелерді үйрену және енгізу арқылы Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту және дамытуға, білім беру үдерісінің ғылыми деңгейі мен мазмұнын жоғарлатуға ықпал ету үшін  құрылды. ББДИ  бизнестік және экономикалық білім берудің нормативтік-әдістемелік негізін жетілдіру, инновациялық білім беру бағдарламаларын дайындау, сынақтан өткізу, енгізу; білім беру, кеңес беру, зерттеу бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру салаларындағы  Aлматы Менеджмент Университетінің  стратегиялық серіктестерімен тығыз байланыс жасайды. Aлматы Менеджмент Университеті - Қазақстандағы бизнестік және экономикалық білім берудің жаңа әдістемелік орталығы, білім беру ұйымдары менеджерлерінің кәсіби даярлықтарын жоғарлату орталығы, бизнестік және экономикалық білім беру оқытушыларының даярлықтарын жоғарлату орталығы, әлеуметтік жауапкершілікті оқу орны мен өзін-өзі үйретуші ұйымның үлгісі болуы керек.





Білім беруді дамыту институтының жобалары

 

1. «Ауыл мектептерін еліміздің жоо-лары қолдауы бағдарламасы»

2009 жылы  Aлматы Менеджмент Университетінің  ректоры

 А.Б. Қожахметов  Қазақстандағы білім беру өкілдерінің ішіндегі ең әлсіз келетін ауыл мектептеріне дағдарыс жылдары көмек көрсету туралы бастама жасады. Бастаманы Білім және ғылым министрі қолдады.

Бастаманың мәні мынада, әрбір жоғары оқу орны республикамыздағы бір ауылдық ауданды өз қамқорлығына алады және аудандағы ауыл мектептерінің мұғалімдеріне білімдерін жетілдіруге, қала мектептерімен тәжірибе алмасуға, жаңа әдістемелік әдебиеттермен танысуға, қаланың мәдени шараларына араласуға көмектесу. 

Aлматы Менеджмент Университеті  Солтүстік- Қазақстан облысы, Айыртау ауданын өз қамқорлығына алды.

2009 –  2011жылдары әр көктемгі және күзгі демалыстарда  Aлматы Менеджмент Университетіне  ауыл мектептерінің  15 оқытушысы келеді. Білім жетілдіру бағдарламалары бойынша сабақтарды  ALMU (бұрынғы ХБА), ББМҚБЖРИ (РИПКСО), «EDTECH» ХББО, Британдық Кеңес және т.б. оқытушылары жүргізеді. Тыңдаушылар үшін кең көлемді мәдени бағдарлама қарастырылған: Абай атындағы опера және балет театрына, ҚР Мемлекеттік мұражайына, Қастеев атындағы көркемсурет мұражайына, кинотеатрларға, «Медеу» спорткешеніне, қала мектептеріне және т.б. бару.

Айыртау АББ шақыруымен  жобаның 6  бөлімі аудан орталығы  Саумалкөлде өтті. Орта мектептің 34 директоры мен 31 мектеп психологі оқып шықты.

Үш жыл ішінде жобаның  6 бөлімі өтілді, 140 адам білімін жетілдірді.
 

2. Жоба - «ВЕТА –Business Education Teachers Academy»

Жобаның мақсаты  Қазақстан және Орта Азия жоғары оқу орындарындағы экономика және бизнес пәндері оқытушыларының кәсіби және тұлғалық құзіреттіліктерін дамыту, бар білімдерін өзекті ету және оқытушылық шеберлік дағдыларын жетілдіру.

«ВЕТА» жазғы сессия бағдарламасының артықшылықтары мен ерекшеліктері:

1.     Бағдарламаның ұзақтығы (72 ак.сағ.) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 29.12.2000 ж. бекіткен № 1211 «ҚР білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру және қайта дайындау ережелеріне»  сәйкес келеді.

2.     Білімді жетілдіру бағдарламасының мазмұны төмендегілерге бағытталған:

·         жаңа курстар дайындау үшін атақты мамандардың авторлық материалдарын алуға;

·         бизнес және экономика бағытындағы пәндер бойынша білімді өзектендіруге,

·         оқытудың қазіргі заманғы дағдыларын дамытуға;

·         оқытушылардың тұлғалық өсуіне.

3.     Жазғы сессияны оқу жылының аяғы - маусымда өткізу, бұл өзінің жоо-дағы оқу үдерісінен алаңсыз оқу жылын аяқтап, жаңа оқу жылы басталғанға дейін өзінің әдістемелік құралдарына және ОӘҚК өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.  

4.  Сабақтар авторлық  семинарлар, қонақ дәрісі мен тренингтер  түрінде атақты сарапшылармен,  кеңесшілермен, бизнес жаттықтырушылармен, кәсіби коучтармен өткізіледі.

5.      Әр сессияда халықаралық спикердің шақырылуы өзекті болады.

6.      Әртүрлі  пән оқытушылары кез келген семинарлар мен тренингтерге қатыса алады, жекелеген жағдайларда сертификат ала алады.

7.      Жазғы сессияның арнайы шаралары қарастырылған (мысалы: Almaty Management University ректорымен кешкі ас).

А. Ш. Құрманғалиева, Г. А. Абдрахманова – Қазақстандағы ауыл оқушыларының миграциялық, лауазымдық және білім беру стратегиялары

Н. Н. Карпова – Білімді және интеллектуалдық қорларды басқару  1 -бөлім  http://www.slideshare.net/IAB_CRD/1-17985290

Н. Н. Карпова - Білімді және интеллектуалдық қорларды басқару  2 -бөлім  http://www.slideshare.net/IAB_CRD/2-17985299