ALMA University

Жаңалықтар

AlmaU Techno Women-мен келісімге қол қойған алғашқы оқу орны

Қоғамдық бірлестіктер мен академиялық қоғамдастық өкілдері, медиа және басқа да мүдделі тараптардың бірігуі арқылы әйелдердің мәселесін шеше аламыз. Олардың таланты, шығармашылығы мен энергиясы еліміздің және бүкіл өңіріміздің игілігі үшін іске асырылуы тиіс

Халықаралық Конференция "Турбуленттілік кезеңіндегі Орталық Азия және әлем: қиындықтар мен мүмкіндіктер"

Посткеңестік Еуразиядағы және одан тысқары жерлердегі халықаралық қақтығыстардың шиеленісуі, ірі экономикалық орталықтардағы жаһандық тұрақтылыққа қауіп төндіретін дағдарыстар, СOVID-19 пандемиясының әртараптандырылған салдары және Дүниежүзілік Климаттық апат қаупі – осының барлығы Орталық Азия өңіріндегі жағдайға ең елеулі әсер етеді

«Ұлы ақынның өлеңдерін оқу» эстафетасының қорытындысы шықты

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және эстафетаның барлық қатысушыларына белсенділіктері үшін алғыс айтамыз!

AlmaU-да сейсмикалық жаттығу өтті: «Біз бәріміз парамедик болуымыз керек»

2023 жылдың 1 наурызында AlmaU-да сейсмикалық жаттығу өтті. Түркиядағы зілзаладан кейін сақтық мәселесіне бейжай қарамау керегін түсініп жатырмыз. Себебі Алматы қауіпті сеймикалық аймақ. Сол себепті біз студенттер мен оқытушылар құрамына тосын оқиғада адам өзін қалай ұстау керегін, алғашқы медициналық көмек қалай жасалатынын көрсеттік

AlmaU Түркияда зардап шеккендерге 8 генератор жіберді

27 ақпанда AlmaU-дың атынан 8 генератор, жылы көрпелер жеткізілді

«AlmaU барлық үмітті ақтаған университеттердің бірі»

2023 жылдың 20 ақпаны Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров Алматы Менеджмент университетінің ректоры Гүлнар Күренкеевамен кездесті. Кездесуге AlmaU-дың ғылым жөніндегі проректоры Бақытжан Сәркеев, Коммерциаландыру жөніндегі проректор Кэндрик Уайт, Президент кеңесшісі Павалкис Дайнюс, Ақпарат және ресурстар басқармасының директоры Тимур Бұлдыбаев, Жобаларды координациялау басқармасының директоры Нұрлан Тұрғынбаев қатысты

Үштілділік саясаты, тілдік трансмиссия, жаһандану: қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға кедергі ме?

Ұлттық құндылықтың негізгі күретамыры – оның ана тілі. Қазақ тілі тек қазақ ұлтына ғана керек. Заман талабына сай даму, жаһандану үрдісіне ілесу, ғылымды дамыту қажет, ол орынды. Бірақ ғылымды дамыта отырып, қазақ тілінің де ғылым тілі ретінде дамуын ешқашан назардан тыс қалдырмаған абзал. 15 ақпанда Алматы Менеджмент университетінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі – ғылым тілі» атты жиын өтті. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде қолдану аясын кеңейту мәселелері, атқарылып жатқан бастамалар және қазақ тілін әрі қарай дамыту жолдары жайлы айтылды

AlmaU Түркияда зардап шеккендер үшін жылу жинай бастады

Апат айтып келмейді. Сол себепті Түркия халқына қазір біздің қолдауымыз қажет. Зілзала салдарынан зардап шеккендерге қол ұшын созам десеңіз, төменде көрсетілген қажет заттарды AlmaU-ге алып келсеңіз болады

Аккредитации и рейтинги

Оқиғалар

Барлығы
{{--