Әкімшілік

 

 

Кожахметов Асылбек Базарбаевич

Президент

Іскерлік Басқару докторы

Тел.: (727) 313 30 59

Факс: (727) 302 21 21

Эл. пошта: assistant@almau.edu.kz

Толығырақ

Қазақстандағы бірінші бизнес мектеп – Алматы Менеджмент Мектебінің негізін қалаушы және президенті болып табылады.


Менеджмент пен білім беруді дамыту бойынша қазақстандық және шетелдік журналдарда жарық көрген 60-тан астам еңбектің авторы.

1994-2002 жж. – Менеджментті дамыту Орталық-Азиялық Қорының президенті (CAMAN); 1999-2002 жж.– Қазақстан өнеркәсіпшілері Одағы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері Форумы Кеңесінің мүшесі; 1998-2003 жж. – “INTERMAN” Кеңесінің мүшесі – Басқаруды дамыту жөніндегі Дүниежүзілік ұйым; 1999-2002 жж. – Басқарушылық білім беру сапасы бойынша Еуропалық ұйым Кеңесінің мүшесі (EQUAL); 2002-2003 жж. ҚР-ның білім беру жүйесін дамыту бойынша Қоғамдық Кеңес төрағасының орынбасары; 2017 ж.бастап – қазіргі уақытқа дейін – «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының Жұмыс тобының мүшесі.

Қоғамдық жұмысы: «НҰР ОТАН» ХДП-ның әлеуметтік дауларды қарау және шешу жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары (2009 -2011 жж.), «Шаңырак» РҚБ төрағасы (2007-2014 жж.), Қазақстан Республикасы БҒМ жанындағы жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңестің мүшесі (2014 ж.), ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаржыны жұмсауды бақылау жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі (2009- 2010 жж.), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесінің мүшесі (2011 - 2012 жж.), Орталық Азия бойынша CEEMAN вице-президенті (2018 – қазіргі уақытқа дейін), «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ) президенті (2018 – қазіргі уақытқа дейін).

Наградалары мен атақтары:

  • «People to People International» халықаралық ұйымының наградасы, АҚШ – «Бирменгам алауы» (1997)

  • «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісі (1998)

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерейтойлық медалі (2011)

  • «Құрмет» Ордені (2013)

  • ҚР ҰҚП «Атамекен» II және I дәрежелі «Ісіне адалдық» Ордені (2013-2014)

  • «Институтционалды басқару» санатындағы CEEMAN Champions Award қарқынды қоғамындағы менеджментті дамытудың Халықаралық қауымдастық наградасы (2014)

  • Қырғызстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының құрметті профессоры (2017).

  • ҚР БҒМ-нің "Ы.Алтынсарин" төсбелгісі.

 

 

Сулейменов Ербол Зинаддинович

Ректор

Тел: +7 727 313 30 77

Эл. пошта: secretary2@almau.edu.kz

 

 


 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанда  және ТМД елдерінде мемлекеттік саясат, маркетинг, жүйелік талдау және сандық модельдеу саласында академиялық және практикалық  тәжірибесі бар.

Дүниежүзілік банк, БҰҰДБ, Азия даму банкі, Еуропалық Қайта құру және даму банкі сияқты түрлі халықаралық ұйымдармен жұмыс істеген.

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы білім беру жүйесін талдау және адам дамуына жаңа технологиялардың әсерін талқылау туралы баяндама авторларының бірі. ЮНЕСКО-ның ғылым бойынша дайындаған 2015 жылғы баяндамасының редколлегия мүшесі болып табылады.

Ербол Сүлейменов Thomson Reuters және Springer сияқты әлемдік ақпараттық қор көшбасшыларымен тарихта алғашқы болып (ТМД елдері арасында) келісімге қол қойды.

Орталық Азия аймағындағы ҒЗТКЖ саласындағы мемлекеттік саясат әдістеріне библиометрия және дәйексөзді талдау тәрізді құралдарды жүйелі түрде енгізгендердің бірі.

Қазақ, ағылшын, өзбек, түрік тілдерін жетік меңгерген.

 

Алмагүл Медихатқызы Қанағатова 

Бірінші проректор, Білім беруді дамыту Институтының директоры

Тел: +7 727 313 30 51

Эл. пошта: almagul.kanagatova@almau.edu.kz

 

толығырақ
Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия-экономика факультетін бітірген. «Болашак» халықаралық бағдарламасының түлегі (2013 ж.).

Біраз жыл Алматы мен Астана қалаларындағы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінде жұмыс істеді: директордың тәрбиелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, гуманитарлық факультеттің деканы, тәрбие жөніндегі проректор, құқық қорғау органдары факультетінің деканы. Халықаралық Бизнес Академиясында – ғылым және даму жөніндегі проректор, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында (ДББҰ) – адами даму жөніндегі департамент директоры, 2016 жылдың 1 наурызынан 2017 жылдың 1 тамызына дейін – AlmaU ректоры.

Жастар саясаты, культурология, білім беру философиясының өзекті мәселелері бойынша 70 мақаланың авторы. «Философия», «Культурология» атты оқу құралдарының авторы, автор монографий: «Қазіргі жастардың құндылықтары», «Қазақстанның қазіргі жастарының рухани-адамгершілік мәдениеті: философиялық-культурологиялық талдау». Орыс және қазақ тілдерінде 10,11, 12 сыныптар үшін 12-жылдық білім беруге арналған: «Адам. Құқық. Мемлекет» атты экспериментальді оқулықтар мен үлгілік бағдарламалардың авторы.

«International Journal of Business, Behavioral and Social Sciences» халықаралық журналдың редакциялық алқасының мүшесі. Қазақстанның Іскер Әйелдері Қауымдастығының мүшесі. Қазақстан кәсіпкерлік жоо-лары Қауымдастығының төрайымы. «Сколково» 14 Ректорлар мектебінің түлегі: «Университет трансформациясын басқару», 2018ж.

Наградалары мен атақтары: «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР БҒМ-нің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «ҚазМЗУ құрметті қызметкері», «ҚР-ның үздік оқытушысы-2013».

  

Руслан Төлегенович Қожахметов
Корпоративтік даму жөніндегі Проректор

DBA

Тел.: 8 (727) 313 30 77  
Факс: 8 (727) 302 21 21
Эл. почта: Ruslan.Kozhakhmetov@almau.edu.kz

 

 

толығырақ

Іскерлік басқару докторы (Халықаралық бизнес академиясының және Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы Ресей академиясының бірлескен бағдарламасы).Сонымен қатар Global Executive MBA (London Business School, Columbia Business School, HKU Business School және University of California Berkeley орталығының) бітірушісі.

Жеке меншік компанияларда және өз бизнесте басшылық қызметтерде жұмыс істеуге тәжірибесі 16 жыл.

Йорк кәсіпкерлікті дамыту институтының «Problem as aspiration» журналының редакцияық коллегиясының мүшесі болып табылады. Отбасылық бизнес және білім туралы арналған мақалалардың авторы.