Алмасу бағдарламалары

Біз сіздерге әлемнің әр түрлі елдеріндегі серіктес университеттердегі негізгі оқу бағдарламалары бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламаларының кең спектрін ұсынамыз. AlmaU академиялық ұтқырлық бағдарламалары бакалавриат және магистратура студенттеріне шетелде оқуға мүмкіндік береді.

Академиялық ұтқырлық студенттерге AlmaU негізгі оқу бағдарламасы аясында игерілген пәндерді ескере отырып, семестр немесе оқу жылы бойы оқуға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық - бұл таңдалған мамандық бойынша оқуды жалғастыру, шет тілдерін білуді нығайту, шет елдердің дамуы мен мәдениетінің ерекшеліктерімен танысу және халықаралық достар шеңберін кеңейту мүмкіндігі.