AlmaU Шымкентте

 

Almaty Management University (AlmaU) – Қазақстан Республикасының бизнес-білім беру саласындағы  № 1 жоо. 2014 жылғы ақпан айында Оңтүстік Қазақстан аймағы бойынша Шымкент қаласында Almaty Management University Өкілеттілігі ашылды. Өкілеттіліктің негізгі мақсаты  ALMU міндеттерін және бизнес пен кәсіпкерлік, мемлекеттік және қоғамдық саясат саласындағы технологиялар мен инновацияларды оқыту бағдарламаларын Оңтүстік Қазақстан аймағы мен Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларында тарату.

 

AlmaU өкілеттілігі келесі бағдарламаларды ұсынады:

 

1 AlmaU МВА бағдарламасы (Іскерлік Басқару Магистрі) – бұл әлеуметтік -жауапты бизнес-жетекшілерді модульдік тәртіпте өндірістен қол үзбей дайындау бойынша қазіргі заман талаптарына сай келетін инновациялық бағдарлама. 

 

2 AlmaU МВА бағдарламасы (Іскерлік Басқару Магистрі) қазақ тілінде – бұл кәсіпкерлер мен бизнес-жетекшілерді өндірістен қол үзбей, қажеттіліктер мен жаңа сұраныстарды ескере отырып, бизнесті кәсіби басқаруға қазақ тілінде оқытудың арнайы жасалған ерекше бағдарламасы.

 

Мемлекеттік және қоғамдық саясат Мектебінің Бағдарламасы (МҚСМ) – аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшыларын, білім беру саласындағы бәсекелестікке қабілетті менеджерлерді, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерін дайындау мақсатында мемлекеттік және қоғамдық саясат саласындағы білімді, технологиялар мен инновацияларды енгізу. 

МВА Бағдарламасы: Мемлекеттік сектордағы менеджмент – мемлекеттік және қоғамдық саясатты тиімді жүзеге асыруға қабілетті аймақтық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерді дайындау.

МВА Бағдарламасы: Білім берудегі менеджмент – білім беру саласындағы басқарудың қазіргі заманғы технологиялары мен құралдарын игерген, стратегиялық ойлауға қабілетті жаңа буын практик-менеджерлерін дайындау.

МВА  бағдарламасы: ҮЕҰ-дағы (НПО) Менеджмент – үкіметтік емес ұйымдар үшін жоғары әлеуметтік жауапкершілікті кәсіби басшыларды дайындау.

 

AlmaU қашықтықтан оқыту бағдарламасы – Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларының кәсіпкерлері мен бизнес өкілдерін AlmaU түрлі деңгейдегі бағдарламалары бойынша қашықтықтан дайындау. 

 

5 Ашық және корпоративтік бизнес семинарлар мен тренингтер –қызметкерлердің білімін жетілдірудің, сонымен қатар Сіздің компанияңыз үшін қажетті кез келген бизнес-курсқа тапсырыс берудің тиімді әдісі.  

AlmaU барлық бағдарламалары туралы толық ақпарат беру үшін Біз Сіздерге таныстырулар өткізіп, барлық сұрақтарыңызға толық жауап беруге әрқашанда дайынбыз.

AlmaU өкілеттілігі МВА бағдарламасына қабылдау жүргізеді. Оқудың басталуы 2014 жылдың сәуір айы. Сабақты ҚР және жақын шетелдің атақты бизнес-жаттықтырушылары жүргізеді.