Қабылдау шарттары

Магистратураға түсуге үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Жоғары білімі туралы дипломның болуы
  • Шет тілінен және мамандығы бойынша қабылдау емтиханынан өту

Шет тілінен қабылдау емтиханы (ағылшын, француз, неміс) тестілеу түрінде ҚР Білім және ғылым министрлігніңБілім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары ұлттық орталығының технологиялары бойынша тапсырылады.

Шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) Test of English as a Foreign Language, (TOEFL ITP), (TOEFL, төменгі балы– 560 кем емес), International English Language Tests System (IELTS, төменгі балы - 6.0 кем емес), GrundbausteinDaF (төменгі балы - С 1), Deutsche Sprachprfungfurden Hochschulzugang (DSH, төменгі балы - С 1), Diplomed 'Etudesen Langue français (DELF, төменгі балы - В 2), Diplome Approfondide Langue français (DALF, төменгі балы - С 1), Тestde connaisancesde français (TCF, төменгі балы - 400кем емес) бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары шет тілінен қабылдау емтиханын тапсырудан босатылады.

Магистратураға түсуді қалайтын адамдардың құжаттарын қабылдау 10 шілдеден бастап 30 шілдеге дейін Розыбакиев көшесі, 227 мекен-жайында жүргізіледі.

Магистратураға түсуге қажетті құжаттардың тізімі  

Магистратураға оқуға түсетін адамдар университеттің Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарын тапсырады:

  • ректордың атына өтініш;
  • жоғары білімі туралы құжат қосымшасымен (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);
  • TOEFL/IELTS/GrundbausteinDaF/DeutscheSprachprfungfurdenHochschulzugang DSH/DELF/DALF/TCF тесттерін тапсырғаны туралы  сертификат (болса);
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы және еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдарға);
  • 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
  • № 086-У формалы медициналық анықтама;
  • жеке куәлігінің көшірмесі (2 дана);
  • ғылыми хатшымен куәландырылған ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі; авторлық куәліктерінің, мақтау қағаздарының, дипломдарының және т.б. көшірмелері (болса).