Конкурс

Алматы Менеджмент Университеті –әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлік университет. Жоғары оқу орны кәсіпкерлік қабілеті бар көшбасшылардың жаңа буынын даярлайды және қарқынды дамушы қоғамда білім экономикасының дамуына ықпал етеді. Алматы Менеджмент Университеті -Қазақстан Республикасындағы алғашқы бизнес-жоғары оқу орны, ТМД-дағы бизнес білім берудің пионері. Жыл сайын AlmaU жаңа жетістіктерге жетуде және биылғы жылы университет 301+ орынға ие болып THE Impact Ranking рейтингіне енді. Сонымен қатар МВА бағдарламасы бойынша QS World University Rankings: Global MBA Rankings 2020 және Азиядағы ТОП-20 рейтингінде үздіктер қатарына еніп, Орта Азияда  бірінші орында тұр. Өткен жылы университет ББСҚТҚА интернет кеңістікте  жоғары оқу орнының көшбасшы болып танылды, сондай-ақ Eduniversal нұсқасы бойынша Орта Азиядағы бизнес-мектептер арасында беделді 3-ші орынды иеленді.

«Алматы Менеджмент Университетінің» БО Қамқоршылар кеңесі

Университет Ректоры лауазымына конкурс жариялайды және көрегендік қабілеті, энергиясы және прогрессивті көзқарасы бар көшбасшы-үміткерлерді қатысуға шақырады.

Ректордың міндеттері:

  • Университеттің даму стратегиясын, мақсаттары мен міндеттерін анықтау, жұмысты  жоспарлау туралы шешім қабылдау;
  • Университеттің білім беру, ғылыми, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметін басқару;
  • Университеттің ғылыми кеңесінің, ректоратының, оқу, ғылыми-зерттеу және басқа да бөлімшелерінің  жұмысын тиімді түрде  ұйымдастыру, олардың қызметіне бақылау жасау;
  • Білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және қолдау.

 

 Кандидаттың келесідей тәжірибесі мен дағдылары болуы қажет:

  • PhD/DBA  докторы ғылыми дәрежесі;
  • Менеджмент, экономика және бизнес әкімшілік, персоналды басқару, жобаларды басқару саласында кәсіби дайындық;
  • Басқарушылық лауазымдарда кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Стратегиялық тұрғыда және жүйелі түрде ойлай білу қабілеті;
  • Командаларды құра білу;
  • Белсенді, нәтижеге бағытталған қызмет;
  • Қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген;

 

Жасалатын жағдайлар:

  • Жоғары деңгейде жалақы;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Жұмысты кәсіби тұрғыда жасай білу;
  • Қызметтік көлік;
  • Келісім шарт мерзімі - 3 жыл

 

Конкурстың сатылары:

2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Ректордың бос лауазымына конкурс жарияланады

Үміткерлерден құжаттар 2019 жылдың 2 желтоқсанына дейін nuranova@almau.edu.kz. электрондық пошта арқылы қабылданады.

Электронды форматта ұсынылатын құжаттар:

  • Толық түрде жазылған түйіндеме
  • Білімі мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері

1 кезеңұсынылған құжаттардың толық екендігін  және белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Құжаттары тексеруден өткен үміткерге танысу үшін университеттің 2025 жылға дейін жасалған даму стратегиясы, ректордың соңғы 3 жылдағы Қамқоршылар кеңесі мүшелерінің алдында жасаған  жыл сайынғы есептері жіберіледі. Кандидат 2025 жылға дейінгі университеттің даму стратегиясын пошта арқылы 2020 жылдың 10 қаңтарына шейін ұсынады.

2 кезеңүміткер ұсынған  университеттің даму стратегиясы  2020 жылдың 20 қаңтарына дейін қарастырылады. Үміткер  ұсынған университеттің даму стратегиясы мақұлданған жағдайда үміткер әңгімелесуге шақырылады.

3 кезең2020 жылдың 5 ақпанына дейін Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Жанат Қоланқызы Бердалинамен және «Алматы Менеджмент Университет» БО Президенті Асылбек Базарбайұлы Қожахметовпен әңгімелесу. Әңгімелесу барысында 3 белсенді үміткер таңдалады және Қамқоршылар кеңесінің отырысына өзінің стратегиясын қорғау ұшін шақырылады.

4 кезең – 2020 жылдың 21-22 ақпанында Қамқоршылар кеңесі отырысында үміткер  ұсынған стратегия қарастырылады.

 

Университет Ректоры лауазымына Қамқоршылар кеңесі бекіткен үміткер 2020 жылдың мамыр айында қызметке кіріседі.