МВА туралы

МВА бағдарламалары – бұл Іскерлік Басқару Магистрі академиялық атағын алуға мүмкіндік беретін бизнесті басқару саласындағы кәсіби мамандану бағдарламасы. Бұл бағдарламаның мақсаты бизнесті басқаруда кең көлемді және әмбебап білімді, жоғары білікті менеджерлердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

AlmaU  МВА бағдарламасы – бұл мансап  акселераторы. МВА дәрежесі мансаптың өсуіне немесе қызмет түрін өзгертуге мүмкіндік береді. МВА бағдарламасы ешқандай жағдайдағы кәсіби ортаға кіру бағдарламасы емес.

МВА бағдарламасы – бұл бизнесті басқарудағы іргелі (generalist) дәреже беретін бағдарлама. Бағдарламаның мазмұны осы іргелілікті сипаттайды және ешқандай тар аяда мамандануды білдірмейді.

AlmaU МВА бағдарламасы – бұл ең алдымен менеджменттің функционалдық салаларын қамтитын бағдарлама (есеп, қаржы, маркетинг, операциялық менеджмент, ақпараттық жүйелер менеджменті, бизнес заңнамасы, адам қорын басқару).

МВА бағдарламасы бойынша білім алу құндылығы алынған білімнің әмбебаптығында болып табылады. МВА дипломы маманды бәсекеге барынша қабілетті етеді, таңдау және өзін -өзі тану мүмкіндіктерін кеңітеді, мансабының жоғарлауына ықпал етеді.

МВА дипломын алудың кем дегенде 3 себебі бар:

·         білімді жетілдіру және жүйелендіру;

·         мансап сатысымен жоғарлау мен дәулеттілік;

·         жаңа іскерлік байланыстар.

МВА дәрежесінің бүгінгі иегерлері бұл қазіргі іскерлік әлеміндегі Көшбасшылар!