МВА жетістіктерінің тарихы

2013 жыл

ХБА-ның (қазір Alma University) МВА бағдарламалары ең беделді АМВА аккредитациясын алды.

2012 жыл

Ұлыбританияның инновациялық ЖОО-ның бірі Sheffield Hallam University-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.  

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторына технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының аясында Потенциалды дамыту жоспарын жүзеге асыру мақсатында  2012 жылғы қазанның 15-де  ХБА (қазір Alma University) Астана қаласындағы Өкілеттігінде МВА жаңа мамандандырылған бағдарламасы - «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» ашылды. Бағдарламаны «Денсаулық сақтауды Дамытудың Республикалық Орталығымен» бірігіп ХБА (қазір Alma University) жүзеге асырады…

2012 ж. наурыздың 1-нде ХБА (қазір Alma University) «Сенім-2011» отандық жұмыс берушілерінің арасында 2011 жылғы Қазақстандағы үздік жұмыс беруші болып танылды.

Sheffield Hallam University-мен (Ұлыбритания) ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды..

"Павлодар Мұнайхимия Зауыты" АҚ үшін МВА корпоративтік бағдарламасы қосылды. 

2011 жыл   


ХБА (қазір Alma University) және Маастрихт Менеджмент Мектебінің «Жалпы және стратегиялық менеджмент» Joint МВА мамандандырылған бағдарламасы AMBA (Ұлыбритания) аккредитациясын алды.
ХБА  (қазір Alma University) және РХША және РФ Президенті жанындағы МҚ  «Жалпы және стратегиялық менеджмент» біріккен бағдарламасы жасалды.

2010 жыл


Бизнестік  білім беру сапасы жағынан Академияға Ceeman (Орталық және Шығыс Еуропада менеджментті дамытудың халықаралық ассоциациясы)  Еуропалық  институционалдық аккредитация табыс етілді.
Ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды, Nanyang Technological University (Сингапур) университетінің қатысуымен МВА мамандандырылған жаңа - «Инновациялық-технологиялық менеджмент» бағдарламасы ашылды.
ХБА (қазір Alma University) Батыс Қазақстан аймағында (Атырау) өкілеттілік ашты,  2011 жылдың көктемінде алғашқы аймақтық топ қабылданды.

2009 жыл


Eduniversal рейтингінде Қазақстандағы №1 бизнес-жоо ретінде 1- орын алды және осы орынды 2009 -2011 жж. сақтап келе жатыр.
EADA Испандық бизнес-мектебімен бірігіп, бейінді магистратураның  «Экономика және Бизнес Магистрі» жаңа бағдарламасы жасала бастады.

 

2008 жыл

  
Экономикалық жоо білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәуелсіз агенттіктің  рейтингісі бойынша  Академия 6 -орынға ие болды.

 

2007 жыл   


Бизнес құрылымдарының басшылары мен топ-менеджерлері үшін  Executive MBA бағдарламасы іске қосылды. Швейцария Бизнес Мектебімен (Swiss Business School) келісім жасалды және ХБА «Халықаралық қаржылар және банк қызметі» мамандандырылған жаңа бағдарламасы ашылды.

 «Master of Management» бейінді магистратура бағдарламасы ашылды.

 

2006 жыл    


 «Ақпараттық менеджмент (CIO)»  халықаралық  МВА бағдарламасын бірігіп жүзеге асыру бойынша РФ Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясымен  (ХША) келісімге қол қойылды.

2005 жыл

  
Институционалдық халықаралық аккредитациядан табысты өткен Қазақстандағы бизнестік білім беру саласындағы алғашқы жоо ретінде ХБА  Cameq сапа белгісімен марапатталды. 
«Корпоративтік қаржылар» мамандандыруы бойынша қазақша бағдарламаға қабылдау жүзеге асырылды.

 

2004 жыл   

  
РФ Үкіметі жанындағы Қаржы Академиясымен (Мәскеу, Ресей) біріккен «Қаржы» мамандандыруымен МВА бағдарламасының ашылуы.

Маастрихт Менеджмент Мектебімен (Нидерланды) және РФ Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылық Академиясымен іскерлік басқарудың докторлық (DBA) бағдарламасын бірігіп жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

 

2003 жыл    


«National Business» іскерлік журналының МВА бағдарламасы бойынша өткізген Қазақстанның бизнес-мектептерінің рейтингісі бойынша бірінші орын.
НЕС Менеджменттің Жоғары Мектебімен (Париж, Франция) бірігіп International Executive MBA бағдарламасы жасалды.

 

2002 жыл    


«Адам қорын басқару» мамандануымен МВА бағдарламасына қабылдау жүзеге асырылды.
Білім беру Сапасын Жақсартудың Еуропалық Жүйесінің (EQUIS) өлшемдері бойынша өткен Менеджментті Дамытудың Орта Азиялық Қорының (CAMAN) бастамасымен қоғамдық аккредитацияның ұшқыр жоо.

 

1999 жыл   


Қазақстандағы Француз Елшілігінің қолдауымен НЕС Менеджменттің Жоғары Мектебімен (Париж, Франция) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды,  «Кәсіби басқару шебері» бағдарламасына алғашқы қабылдау жүргізілді.

 

1998 жыл  


Маастрихт Менеджмент Мектебімен (Нидерланды) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, «Жалпы және Стратегиялық Менеджмент» мамандануы бойынша бағдарламаға алғашқы қабылдау жүргізілді.

 

1997 жыл   


«Маркетинг және PR» мамандандыруы бойынша алғашқы күндізгі бағдарлама және МРА (Мемлекеттік Басқару Магистрі) алғашқы модульдік бағдарламасы ашылды.

 

1996 жыл   


«Корпоративтік менеджмент» өндірістен қол үзбей мамандандыруына МВА (Іскерлік Басқару Магистрі) кешкі бағдарламасына алғашқы қабылдау.