AlmaU- Eduniversal әлемдік рейтинг агентігінің – 4 Palmes of Excellence марапатына ие болып, Орталық Азия аймағындағы үздік бизнес-мектептердің жоғарғы 3-тік тобының қатарына кірді

Жаңалықтар

Желтоқсан 12, 2019

AlmaU- Eduniversal әлемдік рейтинг агентігінің – 4 Palmes of Excellence марапатына ие болып, Орталық Азия аймағындағы үздік бизнес-мектептердің жоғарғы 3-тік тобының қатарына кірді

Алматы Менеджмент Университеті өзінің халықаралық деңгейдегі үздік бизнес-мектеп мәртебесін қайта дәлелдеді. Eduniversal әлемдік рейтинг агенттігінің – 4 Palmes of Excellence марапатын алып, Орталық Азия аймағындағы үздік бизнес-мектептердің жоғарғы – 3 тік тобына кірді.

2019 жылдың 26-29 қазан аралығында Бангкокта Таиланд Корольдігінде, Eduniversal рейтинг агенттігі және Сасин Менеджмент мектебі  (Sasin School of Management) бірлесіп ұйымдастырған Eduniversal World Convention 12-ші конвенциясы өтті. Конвенция жыл сайын ресми хабарландыру жасайды және Eduniversal Palmes of Excellence марапаттауы болады. Сонымен қатар 9 географиялық аймақ бойынша  (Африка, Мұхит, Еуразия және Таяу Шығыс, Латын Америкасы, Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа) ең үздік 3 Бизнес-мектепке марапаттар тапсырады.

Қазақстан Республикасының Елшілігі Таиланд Корольдігінде  ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша Бангкокта өткен Eduniversal World Convention-ды табыстаудың 12-ші рәсіміне қатысты. Агенттіктің рейтингісіне сәйкес, Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Орталық Азия аймағындағы (Бангладеш, Бутан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Мальдивы, Непал, Пәкістан, Шри-Ланка, Өзбекстан) ең үздік 3 Бизнес мектептің қатарына кірді, 4 Palmes of Excellence-Top Business School with Significant International Influence марапатын иеленді.

Аталған марапат Қазақстан Республикасының Тайланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова мен Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінің атташесі Абылайхан Ерқожаға салтанатты түрде берілді.


Ақпарат алынған дереккөз: Елшіліктің  фейсбук парақшасындағы жаңалықтар

https://www.facebook.com/491926057603938/posts/1666492466813952?sfns=mo

Бөліс: