Ботагөз Жұманова: «Дағдарыс кезінде ашық болу керек»
4 сәуірде Алматы Менеджмент Университетінде «Дағдарысқа қарсы PR» пәні аясында белгілі қазақстандық журналист, блогер, бұрындары Kaspi bank –те корпоративті коммуникация департаментінің директоры болған Ботагөз Жұмановамен кездесу өтті.
Ботагөз Жұманова керемет кейспен таныстырды, ол - Kaspi bank –тің дағдарыстан шығуы туралы. Бұл әңгіме 2014 жылдың ақпанындағы девальвация жайында әрі сол кездегі SMS шабуылдар туралы болды, ол кезде белгісіз біреулер қазақстандық үш банк банкротқа ұшырайды деген қауесет таратқан болатын.
Ботагөз өзінің қонақ дәрісі кезінде Kaspi bank-тің ешқандай шығынсыз осындай жауапты кезеңнен қалай шыққаны туралы әңгіме етті. Кейс және оның шешімі қызықты болып шықты, оның себебі, әсіресе, Kaspi bank-тің осы күйзеліс кезінен 72 сағатта шыққаны таңқалдырады.
"Дағдарыс кезінде ең бастысы - 360° ашық болу", – деп есептейді Ботагөз – Бәріне ашық болу керек, БАҚ-ты қоса алғанда, клиенттерге де, бәсекелестерге де», - деп, сөзін түйіндеді қонағымыз.