ALMA University

Жаңалықтар

Қараша 04 , 2022
2022 жылдың 4 қарашасында AlmaU-да Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер ұйымының бастамасымен БҰҰ Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарына (WEPs) қол қойған елдердің қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел өтті
Қараша 04 , 2022
2022 жылдың 4 қараша күні «Almaty Creative Week» Халықаралық креативті индустрия форумының «Креативті салалардағы білім беру» панельдік сессиясы өтті. Сессияға AlmaU Креативті индустрия орталығының директоры Дана Шаяхмет модераторлық етті
Қараша 03 , 2022
2022 жылдың 2 қарашасында AlmaU президенті Асылбек Қожахметов пен Нархоз президенті Мирас Дауленов білім және ғылыми-зерттеу бағыты бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды
Қараша 02 , 2022
AlmaU-да жыл сайын Күзгі мектеп деп аталатын әлеуметтік жоба ұйымдастырылады. Биыл Күзгі мектеп алғаш рет Лобанов ауылындағы “Зейнеп” колледжінде өткізіліп жатыр
Қараша 01 , 2022
Бүгін яғни 2022 жылдың 1 қарашасында AlmaU ректоры Күренкеева Гүлнар және Universal University-дың ректоры Екатерина Черкес-Заде Almaty Creative Week алаңында меморандумға қол қойды
Қазан 28 , 2022
«Алматы Менеджмент Университеті» (AlmaU) «Денсаулық ғылымдары: әлемдік трендтер мен Қазақстандағы ахуал» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сонымен қатар AlmaU Sharmanov School of Health Sciences мектебінің тұсауын кесті. «Алматы Менеджмент Университеті» (AlmaU) «Денсаулық ғылымдары: әлемдік трендтер мен Қазақстандағы ахуал» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сонымен қатар AlmaU Sharmanov School of Health Sciences мектебінің тұсауын кесті.
Қазан 21 , 2022
Сәрсембаева Раушан бастаған ҚР Әйелдер күші Альянсы AlmaU-да қонақ болды. Аталмыш Альянс әйелдердің саяси көшбасшылық мектебін құрғанын тілге тиек етейік. Бұл мектеп нәзік жандыларға әлемді тербетуге шабыт бермек. Кездесу нәтижесінде университет ректоры Гүлнар Күренкеева мен Альянс төрайымы Сәрсембаева Раушан ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойды
Қазан 21 , 2022
Республика күнін мерекелеу аясында AlmaU қабырғасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен "Менің арманымдағы Қазақстан" эссе байқауы өтті. Оған 22 студент қастысты. Нәтижесінде университет ішіндегі байқауға 19 жұмыс жіберілді. Байқау 2 кезеңде өтті: 1 кезеңде эссені Тілдер орталығының оқытушылары оқып шықты; 2 кезеңде Медиа және киномен қатар Саясат және құқық мектебінің оқытушылары эссемен танысты
Қазан 21 , 2022
«Жас Ғалым» жобасы бойынша 2022-2024 жылғы жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру сайысының қорытындысы шықты. Университетіміздің профессорлары ғылымды дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша жеңіске жетті
Қазан 20 , 2022
2022 жылдың 20 қазанында AlmaU студенттерге арналған «Миссия 2030» іскерлік ойыны өтті. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) жүзеге асыру тақырыбында өтті.
Қазан 14 , 2022
2022 жылдың 23 қазанында Алматы Менеджмент Университетінде «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінің желісі бойынша ұйымдастырылған Ашық Есіктер Күні өтеді. Бұл шара 8-12 сынып оқушылары мен колледж түлектері, сонымен қатар ата-аналарға арналған. Қабылдау комиссиясының өкілдерінен университетке түсу бойынша кеңестер мен мүмкіндіктер жайлы ақпарат ала аласыз. Сонымен қатар, «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінің кейіпкерлерімен бірге қызықты уақыт өткізу, түрлі байқауларда сыйлықтар жеңіп алу мүмкіндіктері туып тұр
Қазан 12 , 2022
«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі Алматыда жетекші халықаралық мамандардың шеберлік сыныптарын өткізуде
Қазан 12 , 2022
2022 жылдың 12 қазанында AlmaU Тілдер орталығында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, абайтанушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Тағдыр таңдаған тұлға» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараның мақсаты: студенттерді қазақтың ұлы жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің шығармашылығымен таныстыру, қазақ жазушыларының шығармаларына қызығушылықтарын ояту; патриоттық сезімдерін қалыптастыру және дамыту
Қазан 10 , 2022
2022 жылдың 8-9 қазанында Алматыда интеллектуалды ойындардан 10-шы мерейтойлық Чемпионат өтті. Қазақстанның сегіз қаласынан келген командалар үшінші мәрте AlmaU-да бас қосты. «Приятные люди» командасы 2022 жылдың чемпионы атанды. Күміс жүлдені «Простые работяги» алса, «Brain Art» командасы қола жүлдегер атанды.
Қазан 10 , 2022
Темірлан Төлегенов – авторлық құқық саласында 20 жыл көлемінде жұмыс істеп жүрген білікті заңгер. Ол AlmaU-дың Медиа және кино мектебінде оқитын студенттеріне шығармашыл адам білуі керек заңдар барын айтып берді. Заңгер кезінде ән жазып, гастрольдік сапарға шығып жүрген. Алайда бір кезде еңбегінің қолды болғанын байқайды. Осылайша сотқа арыз беріп, оны жеңіп шығады. Бұл елімізде автордың өз құқығын алғаш рет қорғап шығуы. Осы оқиғадан кейін Темірлан Төлегенов зияткерлік меншікті заңмен қорғаумен айналыса бастайды