Шетел студенттердің визасы

Алматы Менеджмент Университетінде білім алатын шетел студенттердің визасы және тіркелуі

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 22.07.2011 жылғы №477-IV «Халықтың көші-қоны туралы туралы» Заңына, 22.07.2011 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына сәйкес әрбір шетел азаматы және азаматтығы жоқ тұлға ҚР-на кірерде миграциялық карта алып, толтыруы тиіс. Миграциялық Картаны шетел азаматы өзі толтырады – түсінікті, түзетусіз, орыс тілінде. Шетел азаматы орыс тілін білмеген жағдайда өзі туралы мәліметтерді төлқұжатта немесе тұлғаны растайтын басқа құжатта көрсетілген мәліметтерге сәйкес латын алфавитінің әріптерімен толтыра алады. Миграциялық картасын әрбір шетел азаматы жасына тәуелсіз толтырады.

«ҚР-ға келу мақсаты» өрісінде «оқу» деп көрсету қажет.

1. Шетел азаматы оқу визасымен Қазақстанға келіп, Алматы Менеджмент Университетінде ғана білім ала алады. Шақыруды АлмаU Халықаралық даму бөлімі алдын ала рәсімдейді.

АлмаU Халықаралық даму бөлімі қажетті құжаттар тапсыру мерзімі – елге келу болжанған күнге дейін 45 күн бұрын. Шақыру Алматы қаласындағы ҚР СІМ рәсімделеді, шақыру рәсімдеу мерзімі – 5-15 күн. Бірінші рет алынатын виза сыйақысы 0,5 АЕК.

2. АлмаU шетел студенті Қазақстан Республикасын келген күннен кейін бес күн ішінде миграциялық тіркеуге тұруы керек.

3. Тіркеуді ұзарту үшін шетел студенті АлмаU Халықаралық даму бөліміне тіркеу аяқталған күннен 10 күн бұрын келу керек (тіркеу 01 қыркүйекте аяқталса, студент 20 тамызда келу керек). Виза ұзарту үшін төлем 30 АЕК. Этникалық қазақтар (оралмандарды) виза ұзарту үшін төлемінен босатылады.

4. ҚР шекарасынан өткен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде шетел студенті АлмаU Халықаралық даму бөліміне келу керек:  Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 227, каб. 115, тел.: +7 727 313 30 52(ішкі 503),

+7 701 9961717

e-mail: korlan.zhanat@almau.edu.kz, korlan_zh@mail.ru

Корлан Жанат, Халықаралық академиялық ұтқырлық және визалық қолдау бөлімінің бастығы

Келесі құжаттарды ұсыну керек:

а) Ұлттық төлқұжат (түпнұсқа); 
б) Шекарадан өту туралы белгісі бар миграциялық карта (түпнұсқа + көшірме); 
в) ВИЧ-жұқпалы дертіне зертханалық зерттеуден өткені туралы анықтама (сертификат); 
г) 1-курс студенттері үшін - 3х4 фотосуреттер – 2 дана;

д) Алматы қ. ІІД бастығының атына тұрғын үй иесінің келісімі (шетел студенттің өзіне тиесілі тұрғын үйде тұруға және осы мекенжай бойынша миграциялық тіркеуге қоюға) бар нотариалдық расталған өтініш;

е) тұрғын үй иесінің куәлік көшірмесі;

ж) тұрғын үйді жалға алу туралы келісімарттың көшірмесі

5. Қысқы және жазғы демалысқа кетер алдында алыс шетелден келген шетел студенті кіріс-шығыс визасын рәсімдеу қажет. Жазғы демалыстан Алматыға қайтып келген кезде студент миграциялық есепке тұру процедурасын қайта өту керек.

6. Тұрған жеріне, байланыс ақпаратына қатысты барлық өзгерістер туралы, статусының өзгеруі (уақытша тұруға рұсқат алу, тұру рұқсаты, ҚР азаматтығын алу) туралы студенттер уақытылы АлмаU Халықаралық даму бөлімі қызметкерлеріне хабарлауы қажет.

7. Басқа себеппен оқу жылы ішінде ҚР-дан кеткен жағдайда студент АлмаU Халықаралық даму бөліміне оқу уақытында кету себептері көрсетілген өтінішті және декан рұқсатын ұсынуы қажет.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Шетел студенттері ҚР аумағында еңбек етуге құқығы жоқ. Әкімшілік құқық бұзшылықтар туралы ҚР Кодексіне сәйкес шетел азаматының миграциялық тіркеуге уақытылы тұрмауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және айыппұл салынады немесе депортация.

Құжаттар жоғалған жағдайда дерек АлмаU Халықаралық даму бөлімі қызметкерлеріне хабарласу қажет.

Шетел азаматтарын оқу жылы ішінде аса қажеттіліксіз кетпеуге тырысуын өтінеміз.