Стратегия

 

 

 

 

AlmaU 2025 бағдары 

Алматы Менеджмент Университеті – әлемдік деңгейдегі кәсіпкерлік, әлеуметтік-жауапты университет

 

AlmaU миссиясы
 

Біз білім беру саласын, ғылыми зерттеулерді және кәсіпкерлікті дамыту арқылы әлемді жақсартамыз

 

Біздің құндылықтар 

 

1 Командалық рух пен синергия 

Біз университеттің, қоғамның, бизнестің және үкіметтің синергетикалық жетістіктерін қамтамасыз ету үшін «Жеңіске жету-жеңу» қағидаты бойынша жұмыс жасайтын ынтымағы жарасқан топпыз.

 

2 Көшбасшылық  

Біз өзгерістер агенттері болуға, кәсіпкерлік ойлау мен мәдениетті көрсетуге және өз дамуымызды басқаруға тырысамыз.

     

3 Адалдық пен жариялылық 

Біз интеллектуалды адалдықты қолдаймыз және жұмыс пен қарым-қатынас барысында өз ісімізді, ойымыздыі ашық көрсетеміз, әрқашан пікір алмасуға және жетілдіруге дайынбыз.

 

4 Жауапкершілік

Біз өз қызметіміздің нәтижелері үшін серіктестер, студенттер, әріптестер алдында жауаптымыз, олармен қоғамның игілігі үшін жұмыс істей отырып, тығыз байланыс жасаймыз.

 

5 Әртүрлілік және инклюзия  

Біз әртүрлілікті бағалаймыз және әр қызметкер мен студент үлес қосып, жетістікке жететін жерде өзара сыйластық атмосферасын құруға тырысамыз.

 

Біздің қағидамыз 

Алматы Менеджмент Университеті-әлеуметтік жауапты халықаралық деңгейдегі кәсіпкерлік университет.

 

AlmaU-дың стратегиялық бағыттар 

  1. АКАДЕМИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚ: студенттерге бағдарланған білім беру, тұлғаға айналдыру, онлайн білім беру және lifelong learning білім алу
  2. ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР: ғылыми құзыреттіліктерді нығайту, білім қалыптастыру және инновацияларды дамыту үшін жағдайлар жасау.
  3. БАРШАҒА АРНАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК: барлық мамандықтар мен жастағы адамдар арасында кәсіпкерлік ойлау қабілеттерін дамыту және тарату, университеттің ел экономикасы мен әлеуметтік өміріне әсерін арттыру.

Әрбір стратегиялық бағыт үш қағидадан тұрады:

  1. Тұрақты даму - мемлекеттің, қоғамның және бизнестің дамуына оң үлес; теңдестірілген және тиімді университет қызметі; инклюзия, кайзен принциптерін сақтау
  2. Интернационалдандыру - шетелдік студенттерді, оқытушылар мен қызметкерлерді жұмысқа шақыру, академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми және коммерциялық жобаларға қатысу.
  3. Цифрландыру - жұмысты жеңілдету және жеделдету, сондай-ақ университетке жаңа мүмкіндіктер жасау үшін цифрлық технологияларды енгізу.