Университет туралы

 

Алматы Менеджмент Университеті – әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілігі мол кәсіпкерлік университет.

 

Миссия:

"Біз жаһандық инновациялық экономика мен қарқынды даму үстіндегі қоғамға замануи білім ұсына отырып, көшбасшылардың жаңа буынын дайындаймыз".

 

Білім беру нарығында 30 жыл жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі жеке меншік жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасындағы 1-ші бизнес-университет, ТМД-да бизнес білім берудің пионері.

 

AlmaU-дың тарихы 1988 жылы шағын Менеджмент мектебінен басталды.  Аталған мектеп біздің жас еліміз үшін менеджерлердің алғашқы жаңа буынын дайындап шығарды. 1996 жылы алғашқы кезеңнен табысты түрде өткен Алматы менеджерлер мектебі  (АММ) Халықаралық Бизнес Академиясы болып өзгертіліді.  ХБА құрылғаннан кейін 25 жыл өткен соң, Академия алға ілгерілеп дами отырып, УНИВЕРСИТЕТ статусын алды.  Жаңа стратегиясына сәйкес 2014 жылы университетке Almaty Management University деген  жаңа атау беріліп, кәсіпкерлік университет моделін құру қолға алынды.

Университет –қазақстандық алғашқы кәсіпкерлерді менеджмент мамандығына дайындап, ҚР-да бірінші рет  МВА және DBA бағдарламалары оқыта бастады. Университетте алдыңғы қатарлы оқытушылар жұмыс істеп, ең үздік түлектер дайындалады.

 

Университеттің басты құндылықтары:

Үздіксіз білім беру

2 Жауапты бола білу

Көшбасшылық

Әдептілік

Белсенділік

Қоғам үшін серіктес болу

Синергия

 

Бүгінгі AlmaU

AlmaU-да 4 Мектеп жұмыс істейді: Бизнестің Жоғары Мектебі, Мемлекеттік саясат және құқық Жоғары Мектебі, Менеджменттің Жоғары Мектебі, Инженерлік Менеджмент Мектебі, сонымен қатар Базалық дайындау факультеті және Қонақжайлылық орталық.

Білім беру қазақ, орыс, ағылшын 3- тілде жүргізіледі, 20 –дан астам мамандық бойынша білім беріледі, атап айтқанда: менеджмент, қаржы, маркетинг, мейрамхана ісі және қонақ үй  бизнесі, аймақтану, бағдарламалық инженерия, бизнес сарапшы және жаһандық мәліметтер және т.б.

Университетте үздіксіз білім беру жүйесі жұмыс істейді:

Колледж — Бакалавриат — Магистратура — Докторантура

MBA — EMBA — DBA

Қысқа мерзімді бағдарламалар,курстар мен тренингтер.

 

 

Аккредитациялар мен рейтингтер

AlmaU – қазақстандық және халықаралық деңгейдегі аккредитациялар мен марапаттарды иеленген Қазақстандағы университеттердің бірі.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің (БСҚТҚА) аккредитациялық ұлттық бағдарламасы Қазақстан,2017

CEEMAN Бизнес-білім сапасы саласындағы Еуропалық институционалды аккредитация, 2017

АМВА, Аккредитациясы (Association of MBA's, UK, London).

AlmaU-дың Бизнес Жоғары Мектебінің жалғыз МВА бағдарламасы үшін,Орталық Азия мен Қазақстандағы АМВА аккредитациясын иемденген Ұлыбритания,  2016

«Маңызды халықаралық беделді бизнс –мектеп үздіктері» "4 пальмовые ветви", Eduniversal Халықаралық рейтинг агенттігінің әлемдік қорытындысы бойынша, Франция, 2008-2016

«Есеп және аудит»  бакалавриат бағдарламасының Association of Chartered Certifed Accountants (АССА) Халықаралық сертификациясы,Ұлыбритания, 2016

Халықаралық стандарт талаптары бойынша Университет сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001-2008 сертификаты

 

 

 Қазақстандық марапаттары

 «Топжарған» беделді рейтингтер қатарындағы  үздігі

 

Алматы Менеджмент Университетi: 

«Білім» саласындағы  қазақстандық компаниялардың «Топжарған» беделді рейтингтер қатарындағы  ҮЗДІК- 1 орында

Ең үздік қазақстандық компаниялар рейтингі бойынша ҮЗДІК- 6 орында

 

 ТМД бойынша марапаттары

 

Ресей және ТМД бизнес-мектептер рейтингі бойынша- 2017

 

Жаһандық нарықта Бизнес-мектептер арасында белсенді ілгерілеушілердің қатарындағы үздік 1- орында.

«Бірінші деңгейлі» аккредитациясы бар шетелдік жоғары оқу орындарымен қос диплом бағдарламасын жүзеге асырушы  бизнес-мектептер арасындағы үздік  2- орында.

«Бірінші деңгейлі» аккредитациясы бар шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік саны жөнінен ТМД  бизнес-мектептер рейтингі бойынша үздік  4- орында.

ҮЗДІК – 5-тікте -MBA және магистратура  бағдарламалары үшін Eduniversal Best Masters Ranking рейтингі бойынша, Франция, 2017

 ҮЗДІК – 250 -әлемдегі үздік бизнес-мектебі  АМВА аккредитациясы бойынша  (Association of MBA's, UK, London).  Ұлыбритания 2017

 

ҮЗДІК–200 -  Eduniversal Франция, 2017 Халықаралық рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша, әлемдік ең үздік бизнес-мектеп  рейтингінде.

ҮЗДІК - 3 –тікте Орталық және Оңтүстік Азия*  географиялық аймағына кіретін  ең үздік  бизнес - мектеп, Eduniversal Франция, 2017 Халықаралық рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша.

 

 

Әлеуметтік жауапкершілік

AlmaU-дың  даму стратегиясының бағыттары -Университетті әлеуметтік жауапкершілігі бар ұйым және қоғамда әлеумет үшін жақсы жағдай қалыптастыруына   бағыттау болып табылады. Университетте «Еліміздің жоғары оқу орындары ауыл мектептерін қолдайды бағдарламасы», «Ұлытау-мәдени-лингвистикалық лагері», «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік жобалары жұмыс істейді. БАҚ өкілдері мен авторлар үшін «ЗачОт» байқауы, Charity Wish Tree әлеуметтік жобасы, 2015 жылдан бастап студенттерге көшбасшылық - Service learning («қоғамға қызмет» - әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы моральдік қасиеттерді дамыту) жаңа пән енгізілген. Жыл сайын білімге құштар дарынды талапкерлер мен студенттерге университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында  қаржылай қолдау көрсету мақсатында 100 млн. теңге  грант пен жеңілдіктер бөлініп отырады.

Өкілдіктері

AlmaU-дың Астана, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Өскемен және Ақтөбе қалаларында өкілдіктері жұмыс істейді. Өкілдіктер жұмысындағы басты бағыт шағын және орта бизнес жетекшілерін МВА және DВА бағдарламаларында, сонымен қатар семинарлар мен  тренингтерде оқыту болып табылады.