MBA

Бағдарлама туралы ақпарат

 

Оқудың басталуы

2015 жылдың көктемі

Бағдарлама мақсаты

Қарқынды  дамып келе жатқан бизнес-ортада тиімді стратегиялық шешімдер қабылдау үшін қажетті қазіргі заманғы басқару бойынша білімдері мен тәжірибелік дағдылары бар кәсіби мамандарды дайындау. 

Бағдарламаның артықшылықтары

·         АМВА (Association of MBAs) халықаралық аккредитациясы бар ҚР жалғыз МВА бағдарламасы;

·         бағдарламаның қазақстандық нарыққа бейімделуі;

·         уақытпен сыналған сапалы білім ( 2000-нан астам түлектер);

·         менеджерлерді дайындаудың заманауи әдістемелері негізінде оқыту;

·         оқуды аяқтағаннан кейін мансабын жоғарлату мүмкіндігі;

·         өзінің бизнесін дамыту;

·         бизнес-байланыстар мен таныстықтарды кеңейту;

·         ерекше корпоративтік рух және дәстүрлер.

Қатысушының бағыт-бағдары

·         Қазақстандық және халықаралық компаниялардың жоғарғы және орта буынды басшылары;

·         Табысты мансапқа бағытталған компаниялардың басқарушылары, менеджерлері;

·         Қазақстандық және халықаралық нарықты бағындырғысы келетін бизнес иегері. 

Оқытушылар құрамы

Бизнесте және академиялық салада еңбек тәжірибелері бар жоғары білікті оқытушылар құрамы. Атақты шетелдік бизнес жаттықтырушылары мен оқытушыларын шақырту қарастырылған (Ресейден,Украинадан, Прибалтика елдерінен және т.б.).

Оқыту түрі

Модульді

Модульдің мерзімділігі – айына 2 рет

Модульдің ұзақтығы - 2-3 күн (жұмада 14:00-ден -21:15-ке дейін, сенбі, жексенбіде  09:30-дан -20:20-ға дейін)  

Дәрісханалық сабақтар саны мен жүктеме

630 академиялық сағат

45 несие 

Оқуға түсуге қажетті талаптар

·         Жоғарғы білімнің болуы 

·         Басқару тәжірибесінің 2 жылдан кем болмауы

Оқуға түсу шаралары

·         "Management Admission Test" кіріспе тесті

·          Сұхбаттасу 

·         Тіркелу жарнасы - 10 000 теңге 

Қалыпты құжаттар жиынтығы

·         Сауалнама 

·         КЕББМ АЛМУ Ректорының атына арыз

·         Жоғары білім туралы Дипломның көшірмесі, қосымшасымен бірге 

·         Жеке құжаттың көшірмесі, ЖСН

·         Еңбек кітапшасының нотариуспен куәландырылған көшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама

·         Алты 3*4 сурет 

·         Медициналық анықтама (086-У нысанды)

·         Еркін түрде жазылған тұжырымдама 

МВА бағдарламасын бітіргені туралы құжат

·         МВА дәрежесі берілгені туралы ҚР мемлекеттік үлгісіндегі Диплом;

·         Алматы Менеджмент Университетінің Дипломы;

·         АМВА халықаралық аккредитациясының сертификаты. 

Бағдарламаның мазмұны

 1 кезең. Негізгі міндетті пәндер

·         Бизнестегі сандық әдістер

·         Макро- және микроэкономика 

·         Ұйымдастыру тәртібі 

·         Маркетингті басқару 

·         Менеджерлер үшін қаржы және бухгалтерлік есеп 

·         Стратегиялық менеджмент 

·         Менеджменттің өзекті тұжырымдамалары 

·         Операциялық менеджмент 

·         Жетекшілік және жеке стратегия 

2 кезең. Элективті пәндер

·         Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі 

·         Өзгерістерді басқару 

·         Тиімді таныстыру 

·         Тиімді ойлау техникасы  

·         Бизнес-коммуникациялар 

·         Корпоративтік басқару 

·         Адам қорларын басқару 

·         Қаржылық менеджмент 

·         Бизнес-жоспарлау 

·         Жобаларды басқару 

·         Бизнес-заңнамалары 

·         Тәуекелдерді басқару 

·         Зерттеулер әдіснамасы 

·         Басшылық шешімдер қабылдау 

3 кезең. Кешенді емтихан, Магистрлік диссертация қорғау.

 

Бағдарламаға түсуге байланысты сұрақтары бойынша

Маркетолог

Тел.: 8 (7172) 47 77 01/02